» БАЛАНЫҢ БӘРІ БАҚЫТТЫ БОЛУы ҮШІН ЖАРАЛҒАН

БАЛАНЫҢ БӘРІ БАҚЫТТЫ БОЛУы ҮШІН ЖАРАЛҒАН

Аудандық білім бөліміне қарасты «Жалағаш ауданының психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде» өңірдегі ерекше қажеттіліктері бар балаларды ерте анықтау және түзету мақсатында «Туғаннан үш жасқа дейінгі «Қатер» тобындағы балаларға ерте жастан көмек көрсету және ерте араласу» тақырыбында семинар өтті.
Оған аудандық білім бөлімінің маманы Ш.Бекенова, емхана дәрігерлері С.Бекжанова, А.Дабылова, Н.Омарова, кент әкімшілігінің әлеуметтік қызметкерлері, аудандық ПМПК мамандары және ата-аналар қатысты.
Семинар барысында 3 жасқа дейінгі ерекше қажет­тіліктері бар балаларды «Ерте жастан бастап түзету» бағдарламасы аясында ата-аналарға балаларын үй жағдайында түзету әдістері таныстырылды. Сонымен бірге, мекеме психологы М.Пірмахан мен дефектолог М.Қарифулла баланы ойын қызметіне дайындаудың әдіс-тәсілдерін көрсетсе, сурдопедагог Г.Смағұлова естімейтін бүлдіршіндердің сөйлеу тілін дамыту тәсілдерін, ал, мекеменің логопеді Ж.Төлепберген сөйлеу кезінде тұтығатын және тілі бұзылған балаларға жасалатын массаж түрлерін үйретті. Түзету кабинетінің емдік дене шы­нықтыру нұсқаушысы А.Жақсылық тірек қозғалысында бұзылыстары бар түрлі диагноздағы балалармен әрқай­­­­сысының ерекшелігіне орай қимыл-қозғалысын жақ­сар­татын массаж түлерін айтып өтті.
Шара соңында ата-аналар ауданда ашылған түзету кабинетінің жұмысына алғыс білдіріп, мамандарға шығар­машылық табыс тіледі.

«ЖЖ» ақпарат.

---
25 қыркүйек 2018 ж. 1 190 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930