АУДАН БАСШЫСЫ «ЖАЛАҒАШ АУДАНДЫҚ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ–ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ КАБИНЕТІ» КММ-ДА БОЛДЫ Аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев Жалағаш аудандық білім бөлімінің «Жалағаш аудандық психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болып, мекеме жұмыстарымен танысты. Мекемеде ерекше жағдайдағы 21 бала тәрбиеленуде. Оларға арнайы мамандар, атап айтқанда, педагог-психолог, мұғалім – дефектолог, сурдопедагог, логопед, ЕДШ нұсқаушысы сабақ жүргізеді. 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай бүлдіршіндердің қатысуымен «Қош келдің, Наурыз!» атты мерекелік шара өтті. Ән шырқалып, тақпақ айтылды. Салт-дәстүрден көріністер көрсетілді. Арнайы сабақ жүргізетін мекеме мамандары жұмыстарымен таныстырды. Жаңалықтар 20 наурыз 2018 ж. 1 431 0