БАЛАНЫҢ БАБЫН ЖАСАЙТЫН МЕКЕМЕ КӨЛІКТІ БОЛСА ҚҰБА-ҚҰП
Әз-Наурыз мерекесі қарсаңында аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев аудандық психологиялық-педагогикалық түзету орталығында болып, ондағы жұмыс барысымен танысты.
Мұнда ерекше жағдайдағы 21 бала тәрбиеленуде. Оларға арнайы білімі бар педагог-психолог, мұғалім-дефектолог, сурдопедагог, логопед, ЕДШ нұсқаушысы сабақ жүргізеді. Жалпы, мекемеде балаларға қажетті құрал-жабдықтар, жас ерекшелігіне қарай тексеруге арналған әдістемелер, тағы басқа да қажетті құрылғылар толық жеткілікті.
Қазір мектепке дейінгі жастағы бүлдіршіндер арасында сөйлеу тілінің бұзылысын жиі кездестіреміз. Егер, баланы уақытында арнайы мамандарға көрсетіп, кеңесіне жүгінсе, тілдің дамуы қалпына келеді. Тек уақыт өткізіп алмау керек. Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіндегі мамандар осылай дейді.
Бұл орталықтың ашылғанына да көп бола қойған жоқ. Десе де, 3 айдың ішінде дамуында кінәрат бар балаларды оңалту жұмыстары өз нәтижесін беріп келеді. Аудан әкімімен кездескен ата-аналар да балаларының денсаулығы жақсарып келе жатқанын алға тартты. Тек, енді балаларды тасымалдайтын көлік берілсе дейді олар.
Мұнан соң, Ұлыстың ұлы күні мерекесіне орай бүлдіршіндердің қатысуымен «Қош келдің, әз-Наурыз!» атты мерекелік шара өтті. Ән шырқалып, тақпақ айтылды. Өңір басшысы бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

Н.ҚАЗБЕКОВ,
М.АХМЕТОВ (сурет).
М.АХМЕТОВ (сурет).