» » ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛУДЕ

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛУДЕ

Жалағаш аудандық партия филиалы арыз-шағымдарды қарауда құқықтық теңсіздік пен ел ынтымағына, халық бірлігіне селкеу түсіретін жайттардан аулақ болып, әділдікті ту етіп, тағдыр тауқыметін тартқан азаматтардың өміріне араласып, заң аясында кеңестер беріп, партия беделін асқақтата түсуде.

Партияның маңызды жұмысының бірі қоғамдық қабылдау. Қоғамдық қабылдауға өзінің отбасылық жағдайына байланысты өтініш білдірген Жалағаш кентінің тұрғыны Алиакбарова Ақтөлеш апайымыз. Яғни, апамыз үйіне жөндеу жұмыстарына көмек беруді өтініп партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне келді. Өтініш иесінің мәселесіне мұқият зерттеу жүргізген аудан әкімінің орынбасары Еспенбет Жасұлан Ерданұлы тиісті жұмыстарды атқарды. Аталған өтініш иесінің бүгінде едендерін ауыстырып, жаңадан есіктерін салып, әктеу жұмыстарын жүргізді. Ендігі кезекте электрмен жабдықтау жұмыстары аяқталуға жақын.

Тұрғындардың мәселелерін шешуде бүгін Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Еспенбет Жасұлан Ерданұлы бекітілген кестеге сәйкес қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар жұмыссыздық мәселесін көтерді. Өтініштердің шешілуіне қарай тиісті жұмыстарды Жалағаш аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Қ.Көшербаеваға тапсырып, мәселе өз бақылауында болатынын айтты. Әрбір тұрғынға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, мәселенің шешілу жағына басымдық берілді.
26 қазан 2021 ж. 162 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930