» » Ертең Қызылордада республикалық жас ақындар айтысы болады

Ертең Қызылордада республикалық жас ақындар айтысы болады



29 қазан күні студенттер сарайында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде студенттер арасында республикалық жас ақындар айтысы өтеді.

Шараның басты мақсаты – қазақтың төл өнері айтысты жастар арасында насихаттау, ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, өскелең ұрпақты ұлттық өнерге баулу.

Айтысқа Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Қазақ Ұлттық өнер университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы, Павлодар педагогикалық университеті, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, «Астана» медициналық университеті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті атынан жас ақындар қатысады.

Аламан айтысқа қатысушыларға қолдау білдіріп, өнер бәйгесін тамашалауға шақырамыз!
28 қазан 2021 ж. 138 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 279

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031