» » Тоқаев қазақстандықтарды қаржылық пирамидалардан қорғауды тапсырды

Тоқаев қазақстандықтарды қаржылық пирамидалардан қорғауды тапсырды

тоқаевМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы мониторингі агенттігінің төрайымы Жанат Елимановты қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жайында Ақорда сайтында жазылды.


Президентке Қазақстанның ақшаны жымқыруға қарсы қаржылық әрекет жөніндегі жұмыс тобының (ФАТФ) халықаралық стандарттарына сәйкестігін өзара бағалаудың екінші раундына дайындығы туралы баяндалды. Агенттік төрағасы Ұлттық тәуекелдерді бағалау нәтижелері және

ФАТФ-тың бірқатар негізгі ұсынымдарын ұлттық заңнамаға енгізуге мүмкіндік беретін заң жобасын парламентте қарау барысы туралы айтты.

Мемлекет басшысы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстарды жоғары бағалады. Атап айтқанда, қабылданған шаралар ақша жымқыруға қарсы Basel AML индексі бойынша әлемдік рейтингте Қазақстанның позициясын жақсартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ президентке еліміздегі көлеңкелі экономикамен күрестің жай-күйі туралы ақпарат берілді. 490 сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталған, оның ішінде 28-і ұйымдасқан қылмыстық топ құру, жалған шот-фактуралар берген тұлғаларға және қылмыстық қолма-қол ақшаға айналдыру фактілері бойынша.

Бұдан бөлек, Жанат Елиманов Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаржылық пирамидаларды жою туралы бұйрығының орындалу барысы туралы хабарлады. Жыл басынан бері Қаржылық агенттік 5 қаржы пирамидасының жолын кесіп, зардап шеккендерге 2,3 млрд теңге қайтарылып берілген.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және басқа да мүдделі органдармен бірлесе отырып, бұл бағыттағы жұмысты жандандыруды тапсырды. Тоқаев азаматтардың қаржылық пирамидаларға тартылуының алдын алуға бағытталған кешенді шараларын қабылдау қажеттігін мәлімдеді.


02 қараша 2021 ж. 425 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930