» » Үш елге жер бетінен жоғалып кету қаупі төніп тұр

Үш елге жер бетінен жоғалып кету қаупі төніп тұр

Тынық мұхитының кейбір аралдары, соның ішінде Кирибати, Тувалу және Маршалл аралдары жаһандық жылынудың салдарынан жер бетінен жоғалып кетуі мүмкін. Кирибатидегі Climate Action Network экологиялық үкіметтік емес ұйымдарының жаһандық желісінің үйлестірушісі Пелениза Алофа осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Маман жаһандық жылыну мұздықтардың еруіне және соның салдарынан теңіз деңгейінің көтерілуіне себеп болатынын атап өтті. Бұл өз кезегінде аралдарды толық су басуына және тропикалық дауылдардың күшеюіне әкелуі мүмкін.

"Біз бір реттік оқиғалар туралы айтып отырған жоқпыз. Әңгіме біздің үйлерімізді толығымен шарпып кету қаупін тудыратын табиғи құбылыс туралы болып отыр", - дейді Express сарапшысы.

Осы орайда Пелениза Алофа Шотландияның Глазго қаласында өткен БҰҰ саммиті бүкіл әлем үшін аса маңызды оқиға екенін атап өтті.

Еске салайық, әлемдік климаттық конференция 31 қазанда басталып, 12 қарашаға дейін жалғасады.

06 қараша 2021 ж. 223 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 279

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031