» » Абай кенішіндегі төтенше жағдайда қайтыс болғандардың отбасыларына 10 жылдық өтемақы төленеді

Абай кенішіндегі төтенше жағдайда қайтыс болғандардың отбасыларына 10 жылдық өтемақы төленеді

Брифинг барысында Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин Қарағанды облысында бүгін төтенше жағдайда қайтыс болған кеншілердің отбасыларына 10 жылдық еңбекақы төленетінін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Министрдің айтуынша, қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына жан-жақты көмек көрсетіледі.

"Қызметкер мен жұмыс беруші арасында жасалған еңбек шартына сәйкес, қаза болғандардың барлық отбасыларына он жылдық еңбекақы төленеді. Одан кейін жеке келісімшарттар аясында несиелерді жабу мәселесі қаралады. Ал студент балалардың оқу ақысын төлеу мәселесі қаралады", - деді төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы.

Ол жеке еңбек келісімшарттары негізінде компания мұқтаж отбасыларға баспана беру туралы шешім қабылдауы мүмкін екенін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 7 қарашада Қарағанды облысындағы "Абай" кенішінде алты адам қаза тауып, тағы екеуі жарақат алған болатын. Зардап шеккен кеншілер қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мемлекет басшысы қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді. Кеншілер отбасына жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды.
07 қараша 2021 ж. 239 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930