2022 жылдың қаңтарынан жаппай ревакцинация жүргізіледі
2022 жылдың қаңтарынан жаппай ревакцинация жүргізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осыған орай министр екінші кезеңде бірінші вакцинацияны аяқтаған және ревакцинация уақыты келген барлық қалған адамдар ревакцинациядан өтетіндігін айтты.
«60 жастан асқан адамдар, сонымен қатар КВИ-ге қарсы антиденеге арналған тестінің теріс нәтижесі бар және зерттеуден өз бетінше өткен тұлғалар белгіленген мерзімсіз-ақ ревакцинацияға жіберіледі. Алғашқы жаппай вакцинация сәуір айында басталғанын ескерсек, бірінші вакцинацияны аяқтаған, вакцинацияның толық курсын аяқтағаннан соң 6-9 айдан кейін республиканың барлық азаматы 2022 жылдың қаңтарынан бастап ревакцинация алады», – деді Алексей Цой.
Осыған орай министр екінші кезеңде бірінші вакцинацияны аяқтаған және ревакцинация уақыты келген барлық қалған адамдар ревакцинациядан өтетіндігін айтты.
«Осыған байланысты өңірлерден осы жылдың 22 қарашасынан тәуекел тобына кіретін тұлғаларды, одан кейін 2022 жылдан бастап қалған топтарды ревакцинациялауды ұйымдастыруды өтінемін», – деді ол.