» » Аудан әкімінің орынбасары қаржы саласы қызметкерлерін марапаттады

Аудан әкімінің орынбасары қаржы саласы қызметкерлерін марапаттады

Бүгін аудан әкімдігінде «Қаржыгерлер күні» кәсіби мерекесіне және 15 қараша – Ұлттық валюта теңгенің айналымға енгізілгеніне орай мерекелік қабылдау болып өтті.

Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары Пакуатдин Сыражадинұлы сөз алып, қаржы тайқазанының тұрақты дамуына зор үлес қосып жүрген сала қызметкерлерін құттықтады.

«Ұлттық валютаны айналымға енгізу – Ел Тәуелсіздігінің қалыптасуына, дербес қаржы-несиелік саясат жүргізуге, нарықтық қатынастарға бетбұрыс жасап, әлеуметтік-экономикалық дамуға зор үлесін қосты.

Сондай-ақ, «Жалағаш аудандық бюджетінің салықтық түсімдері жылдан-жылға ұлғайып келеді. Салықтық түсімдер көлемінің ұлғайғаны аудандық бюджет кірісінің көлемінің өсуіне ықпал жасады, - деді аудан әкімінің орынбасары өз сөзінде.

Сонымен қатар, салтанатты жиында аудандық мәслихат хатшысы Гүлзат Ердәулетқызы және "Нұр Отан" партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Шоңмұрынқызы аудан қаржыгерлерін мерекелерімен құттықтап сөз сөйледі.

Салтанатты жиын соңында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қосып жүрген бірқатар азаматтар мен сала ардагерлері аудан әкімінің құттықтауымен марапатталды.


15 қараша 2021 ж. 298 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930