Қызылордада қар жауып, жарық өшіп қалды
Қызылордада қар жауып, облыс орталығының бірқатар аудандарында жарық өшті, жолдарда көктайғақ болып, автобусқа байланысты да мәселе туындап отыр.
17 қарашаға қараған түні Қызылорда облысында қар жауды. Ал таңертең қызылордалықтар проблемаларға тап болды: пәтерлерде жарық жоқ, автобустар жүрмейді.
Энергетиктер жарық өшкенін біледі, оны шешуге тырысып жатыр.
Көктайғақ пен жолдағы автобус тапшылығы да қала тұрғындарына қолайсыздық тудырды.
Коммуналдық қызметкерлер жолдарды қардан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.
17 қарашаға қараған түні Қызылорда облысында қар жауды. Ал таңертең қызылордалықтар проблемаларға тап болды: пәтерлерде жарық жоқ, автобустар жүрмейді.
«Қар жауа сала жарық өшіп қалды. Қысқа дайындалу үшін дайындық жұмыстары жүргізіледі, бірақ жаңбыр немесе қар жауғаннан кейін электр энергиясы өшіп қалады», – деді қызылордалықтар.
Энергетиктер жарық өшкенін біледі, оны шешуге тырысып жатыр.
«Түнде қар аралас жаңбыр жауды, сондықтан бірқатар ауданда электр қуаты істен шықты. Бұл қатарда Гагарин, Титов ауылдары, Сәулет шағынауданы және басқалары бар. Жауған қарды тазартуға 18 бригада жұмылдырылды. Түске дейін пәтерлерде жарық болады деп үміттенеміз», – деді «Қызылорда Электржелістік Тарату Компаниясы» АҚ Басқарма Төрағасы Мұхиджан Кәрімбаев.
Көктайғақ пен жолдағы автобус тапшылығы да қала тұрғындарына қолайсыздық тудырды.
«Автобустар жоқ, такси мыңға апармайды. Жолдарда көктайғақ, қанша жол апаты болды. Жұрт құлап қалып жатыр. Коммуналдық қызмет не істейді?» – деп жазды қызылордалықтар.
Коммуналдық қызметкерлер жолдарды қардан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.
«Көшелерге құм мен тұз себіліп жатыр. «Қызылорда тазалығы» ЖШС-нің 100-ден аса қызметкері мен арнайы техника қала көшелерінде сағат 01:00-ден бастап қар тазалауға жұмылдырылды. Қазір тиісті мекеме күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Сұрақтар бойынша 109, 8 702 887 1111 ватсап желісіне хабарласуларыңызды сұраймыз», – делінген коммуналдық қызметтің баспасөз хабарламасында.