ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА 18 МЛРД.ТЕҢГЕНІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ
Биыл Жалағаш ауданы бойынша 36 231 гектар жерге егіс орналастырылды. Оның ішінде Сырдың басты дақылы егілген 19 800 гектар күріштің әр гектарынан 62,3 центнерден немесе 123 354 тн өнім алынды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Жалағаш ауданының әкімі Асылбек Шәменов мәлімдеді.
«Биылғы жылы еліміздің барлық өңірінде су тапшылығы орын алып, бұл қиындықпен біздің аймақтың егінші-диқандар қауымы да бетпе-бет келді. Су тапшылығының әсерінен ауданнан өткен жылмен салыстырғанда 1800 гектар күріш дақылының көлемі қысқартылды. Орнына суды аз қажет ететін 600 га жаздық бидай, 147 гектар жүгері, 30 гектар арпа, 2200 га мақсары егілді. Қиыншылыққа қарамастан диқандарымыз жаңа заманауи технологияларды, техникаларды тиімді пайдалана отырып, егілген дақылдарын күтіп-баптап, ұйымшылдық пен бірліктің арқасында ел ризығын ысырапсыз жинап алды», - деді аудан басшысы.
Ауданда ауыл шаруашылығының барлық саласы бойынша жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Мемлекеттік қолдауларды тиімді пайдаланудың арқасында ауданның ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуында оң нәтижелер қалыптасты.
Ағымдағы жылдың 9 айында ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 18 млрд 519 мың теңгені құрап отыр.
Ауданда ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту жұмыстары үнемі жүргізіліп, ағымдағы жылы 1 млрд 334 млн. теңге қаржыға 35 дана жаңа техника сатып алынды.
Сонымен қатар, аудан тұрғындары 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген.
Алдағы жоспарда Жалағаш кенті, Аққұм, Мәдениет елді мекендерінің өсу динамикасына сәйкес ауыз су желісін кеңейту жұмыстарына жоба-сметалық құжаттар дайындалды. 2022 жылға республикалық бюджеттен қаржы бөлуге жобалар мақұлданып тұр.