» » Қазақстанда сән салығын енгізу 2022 жылы қарастырылады – Қаржы министрлігі

Қазақстанда сән салығын енгізу 2022 жылы қарастырылады – Қаржы министрлігі

Қазақстанның Қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев үкіметтің 2022 жылы сән салығын есептеу және заң жобасын әзірлеу жоспарын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Сенат отырысында сән салығы жөнінде мәселені депутат Мұрат Бақтиярұлы көтерді.

"Елбасы 2019 жылғы Жолдауында жалпы ішкі өнім мен халық табысының өсуіне қарамастан қоғамда мүлікті жіктеу үдерісі жалғасып жатқанын, бұл алаңдатарлық фактор болып табылатынын, сондықтан оған ерекше көңіл бөлу керектігін айтқан болатын. Шынында да, біз байлар мен кедейлер арасындағы алшақтықты көріп отырмыз. Осы себепті сән салығын енгізу өте өзекті мәселе деп есептеймін. Бұл заң қымбат сәнді жылжымайтын мүлік, ұшақтар, яхталар, қымбат көліктер, зергерлік бұйымдар сияқты сәнді заттарға әділ салық салу жүйесін жасайды деп ойлаймын", - деді сенатор.

Марат Сұлтанғазиев бұл мәселе келесі жылы қаралатынын жеткізді.

"Келесі жылы біз үкіметтен заң жобасын енгізуді жоспарлап отырмыз және оның аясында бизнес-қауымдастықтармен бірлескен талқылаулар болады. Бұл салық әлі енгізілген жоқ, оны әлі есептейтін боламыз. Жалпыла көзқарасқа салсақ, қазіргі акциздің өзі сәндік үшін салық болып табылады. Ол темекі, алкоголь және жанар-жағармай секілді сәндік тауарларға салынады. Меншік неғұрлым қымбат болса, соғұрлым жоғары болады. Бұның өзі сәнді салықтың элементтері болып табылады", - деп түсіндірді Сенат отырысынан кейін Сұлтанғазиев.

Ол халықтың қай бөлігіне бұл заң жобасы көбірек қатысты болатынына әлі зерттеу жүргізілмегенін қосып өтті.
25 қараша 2021 ж. 466 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930