» » 29 қарашаға арналған ауа райы болжамы

29 қарашаға арналған ауа райы болжамы

29 қарашада республиканың басым бөлігі әлі де ауқымды антициклон ықпалында болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Елдің тек қиыр батысында циклон жырасының әсерінен жаңбыр мен қар түріндегі аздаған жауын-шашын, көктайғақ болады. Сонымен қатар барлық өңірде тұман, екпінді жел болжанады.

Атап айтқанда, Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман күтіледі, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с екпінмен жел тұрады. Түнде күші 23-28 м/с артады.

Алматы облысының Алакөл ауданында желдің екпіні 28 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында жел 15-20 м/с жетеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ, солтүстігінде тұман күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, Маңғыстау, Қостанай облыстарының солтүстігінде, Атырау облысының батысы мен орталығында тұман болжанады.
29 қараша 2021 ж. 189 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 131

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930