» » 30 қарашаға арналған ауа райы болжамы

30 қарашаға арналған ауа райы болжамы

30 қарашада ауқымды антициклон жотасы әлі де республиканың басым бөлігіндегі ауа райын анықтайды. Соған орай жауын-шашынсыз күн райы күтіледі.

Республиканың тек батысында еуропалық циклон жырасы әсерінен жауын-шашын (жаңбыр мен қар түрінде), көктайғақ, тұман, екпінді жел болжанады, деп хабарлайды Қазгидромет.

 Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
30 қараша 2021 ж. 255 0