Қызылордада «Қаламгерлер аллеясы» ашылды
Бүгін қала орталығынан «Қаламгерлер аллеясы» ашылды.
Бұған дейін шаһар басшысы Ғанибек Қазантаев Сыр журналистерімен кездесуде айтылған ұсыныстарды қабыл алып, «Қаламгерлер аллеясын» ашуды жоспарлаған болатын. Ол орын Сырдың алыптары – Қалтай Мұхамеджанов, Әбділдә Тәжібаев және Зейнолла Шүкіровтердің ескерткіші орналасқан аумақ болып белгіленді.
Шарада қала әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов қаламгерлерді Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығымен және «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен» құттықтады.
Ардагер журналистер Жолдасбек Ақсақалов және Игорь Титенок «Қаламгерлер аллеясының» салтанатты түрде лентасын қиып, ашып берді.

«Алыптардың ескерткіші орналасқан орда Сіздердің шығармашылықтарыңызға шабыт шақырар, рухтарыңызды асқақ етіп, болашаққа құнды мұра қалдырар орын бола бергей»,- деп жылы лебізін арнады.
Ардагер журналистер Жолдасбек Ақсақалов және Игорь Титенок «Қаламгерлер аллеясының» салтанатты түрде лентасын қиып, ашып берді.
Қаламгерлер аллеясы алдағы уақытта шығармашылыққа жақын жандардың бас қосар алаңына айналып, түрлі шараларды өткізетін рухани орын болмақ.