» » Тұрғын үй құрылысына зерделеу жұмыстары жүргізілді

Тұрғын үй құрылысына зерделеу жұмыстары жүргізілді

Аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі А.Шаменов, Қызылорда облыстық маслихат хатшысы Н.Байқадамов, Жалағаш аудандық мәслихат хатшысы Г.Құрманбаева, Жалағаш аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшелерімен бірге Жалағаш кенті, Дәуімбай елді-мекенінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатырған сатып алу құқығынсыз арендалық 30 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен таныстық. Тұрғын үйге табиғи газ, ауыз су, канализация тартылған. Тұрғын үйдің пайдалы негізгі көлемі 66 шаршы метр. Тұрғын үйлер алдағы уақытта сатып алу құқығынсыз арендалық тұрғын үйлер, тұрғын үй алу кезегінде тіркеуде тұрған, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген талаптарға сәйкес көпбалалы отбасыларға кезекпен беріледі деп жоспарлануда.

Тұрғын үй құрылысы «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір атты «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық сайлауалды бағдарламасында қамтылған

Ахан Алтынбекұлы
Жалағаш аудандық мәслихатттағы «Nur Otan» партиясыдепутаттық
фракциясы жетекшісінің орынбасары
07 желтоқсан 2021 ж. 194 0