» » БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

«Nur Otan» партиясының отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесі «Jas Otan» Жастар қанатымен  бірлесіп  «Бақытты отбасы»  партиялық жобасы аясында «Балалар үшін қауіпсіз және жайлы инфрақұрылым» акциясы Жалағаш ауданында жалғасты.

Акцияның мақсаты – аудан аумағындағы ашық жатқан люктерге, аулаларды жарықтандыруға, қозғалыс қауіпсіздігіне (мектеп жанындағы жаяу жүргінші жолы) рейд жүргізу.

Аталмыш рейд жұмыстарына аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері, партиялық бақылау комиссиясы, аудандық партия филиал жанындағы отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, ауыз-су мекемесі, «Jas Otan» Жастар қанаты және аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жауапты қызметкерлері атсалысты.

Рейд жұмыстары барысында Жалағаш кенті және Дәуімбай елді-мекенінде бірнеше люктердің ашық жатқандығы анықталды. Алдағы уақытта қауіпсіздік талаптарын сақтау мақсатында тиісті орындарға ұсыныстар беріліп, жұмыстар жүргізілетін болады.
28 мамыр 2021 ж. 354 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 703

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930