» » Елбасының «Тәуелсіздік Тағылымы» атты мақаласы жарық көрді

Елбасының «Тәуелсіздік Тағылымы» атты мақаласы жарық көрді

Елбасы өзінің «Тәуелсіздік Тағылымы» атты мақаласында Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуының күрделі жолдары туралы айтты. Айта кету керек, Тәуелсіздік он жылдан астам уақыт бойы қалыптасқан процестің нәтижесі. Тәуелсіздік үшін біздің ата-бабаларымыз, аталарымыз күрескен. Қазақстан көптеген кеңес мемлекеттері сияқты ХХ ғасырдың аса күрделі жылдары басынан өтті. Сонымен қатар, Қазақстанның өз ерекше Тәуелсіздік жолы бар.

Нұрсұлтан Әбішұлы жазғандай:Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап біз ұзақ мерзімді тұрақтылық, азаматтық бейбітшілік, этносаралық келісім және конфессияаралық үнқатысу саясатын жүргіздік, бұл біздің еліміздің орнықты өсуі мен дамуын қамтамасыз етті. Өйткені, өзара құрмет пен достық біз әрқашан бағалауымыз керек біздің байлығымыз болды және солай болып қала береді. Қазақ мақалында айтылғандай: «Бірлік бар жерде тірлік бар».

Біздің миссиямыз, неғұрлым жетілген ұрпақ ретінде, біздің әкелерімізден бізге жеткен құндылықтарды, білім мен тәжірибені, халқымыз үшін күрескен құндылықтарды қазіргі ұрпаққа беру.

Қазақстандықтардың басты құндылығы мен игілігі, әрине, тәуелсіздік.

Бүгінде біз тәуелсіз және тұрақты елде өмір сүріп жатырмыз, түрлі этностардың өкілдері бейбітшілік пен достықта өмір сүруде, мемлекет сапалы білім мен денсаулық сақтауды қамтамасыз етеді, және өз азаматтарының дамуына және құрылуына мүмкіндік береді.

Есте сақтау, құрметтеу, бағалау және көбейту. Дәл осы негізгі ойды Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан ҚР Тұңғыш Президентінің маңызды және тарихи фактілермен туралы мақаланы оқуға болады.

ҰЛЖАХАН БАЙМҰРАТҚЫЗЫ
Жалағаш аудандық мәслихатттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясы мүшесі, аудандық мәслихат депутаты
08 желтоқсан 2021 ж. 251 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930