» » Алдағы үш күнде көктайғақ, тұман болады

Алдағы үш күнде көктайғақ, тұман болады


«Қазгидромет» РМК 14-16 желтоқсан аралығындағы ауа райы болжамын ұсынады.

«Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн райын, солтүстік-батыс антициклоны айқындайтын болады. Ол температураның қысқа мерзімге төмендеуіне және жауын-шашынның тоқтауына алып келеді.

Республиканың оңтүстік өңірлері әлі де циклондардың фронталды аймағында болады — мұнда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ, тұман күтіледі. Алайда кезеңнің соңына қарай солтүстік-батыс антициклон осы өңірлерді де қамтиды. Осыған байланысты мұнда да температураның төмендеуі және жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы болжанады.

Мереке қарсаңында батыс өңірлерге Скандинавия аймақтарынан циклон жырасы әсер ете бастайды — жауын-шашын, көктайғақ болжанады», – делінген синоптиктер мәліметінде.
13 желтоқсан 2021 ж. 377 0