» » Коронавирусқа қарсы вакцинация тиімділігі

Коронавирусқа қарсы вакцинация тиімділігі

Перечень зарегистрированных в РК вакцин против коронавирусной инфекции  COVID-19

Бүгінгі таңда коронавирус індетіне қарсы вакцинация күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе болып отыр.

Былтырдан бері әлемді жайлаған пандемияның алдын алу және індетті ауыздықтаудың бірден бір профилактикалық жолы – тұрғындарды  жаппай вакцинациямен қамту екені дүниежүзлік денсаулық сақтау ұйымы деңгейінде дәлелденіп отыр. 

Аудан аймағында да бұл шара наурыз айынан бері жүргізіліп келеді, Егер ауданымыздың 20198 мыңы егілуге тиісті контингентке жатса, олардың бүгінгі бірінші вакцинациямен қамтылу - 96,2 % (19 439), екінші вакцинациямен қамтылу – 85,9 % (17 356).

Қызылорда  облысы жасыл аймақ қатарында болса да, ауырып жатқандар мен қайтыс болып жатқандар статистикасы профилактикалық шараларды қатаң сақтауды талап етеді. Оның ең бастысы – 2 рет вакцинация жасату.

Аудан бойынша барлығы 15 егу пункті демалыссыз, тұрақты коронавирусқа қарсы вакцинация жүргізіп отыр.
Егу пункттері вакцинаның 5 түрімен толық қамтамасыз етілген.

Ресейден шыққан Спутник ви вакцинасы (СпутникV), Қазақстандық – Казковидин (QazVac-in),  Қытай елінен шыққан  Корона вак (CoronaVac),  Синовак (SinoVac) және БАЭ елінен шыққан Хаят вакс (HayatVax)

Коронавирус инфекциясы 100 жылда пайда болып отырған пандемия болғандықтан, тұрғындардың ағзасында оған қарсы иммунитет жоқ, сондықтан да індет жаппай тарап отыр. Эпидемиологиялық жағдай тұрақтану үшін адамдарға вакцинация жасау арқылы ағзасында жасанды иммунитет тудыру аса маңызды профилактикалық шара болып табылады.

Әр түрлі ақпарат желілері арқылы тарап отырған вакцинацияға қарсы ақпараттарға көңіл бөлмей, арнайы сенімді ақпарат көздеріне сенім артып, тұрғындарды дер мезгілінде вакцинация алуға шақырамын.

Пандемияны вакцинация арқылы ғана жеңуге болады. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру әрқайсымызға тікелей байланысты.

Вакцинация – бұл жай ғана таңдау емес. Алдыңызда екі таңдау тұр, вакцинация арқылы толық қанды салауатты өмірді таңдайсыз немесе аурухана төсегіне таңылып, індетпен күресуіңізге тура келеді. Себебі коронавирус адам ағзасын әлсіретіп, денсаулыққа қатты соққы береді. Мұндай қауіпті шақта денсаулығыңыздықа тергетікпеңіз. Вакцинация ғана өзіңізді, жақындарыңызды және айналаңыздағы адамдарды қорғауға мүмкіндік береді!

Г.Айымбетова
Басқарма басшысының орынбасары
22 желтоқсан 2021 ж. 208 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930