» » «Пфайзер» (АҚШ) компаниясы шығарған «Комирнати» вакцинасы туралы

«Пфайзер» (АҚШ) компаниясы шығарған «Комирнати» вакцинасы туралы

ДДҰ 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді «Комирнати» («Пфайзер» компаниясы) вакцинасымен вакцинациялауды ұсынып, бүгінгі таңда Израиль, Франция, Италия, Испания, Германия, Бразилия, Қытай, Швеция, Ұлыбритания, АҚШ, Аргентина және т. б. сияқты көптеген дамыған елдердің билігі осы вакцинамен балаларды КВИ-ге қарсы вакцинациялау науқанын бастады.

 «Пфайзер» (АҚШ) компаниясы шығарған «Комирнати» вакцинасы Қазақстан Республикасында уақытша мемлекеттік тіркелген. Кепілдік берілген сападағы препараттармен қамтамасыз ету мақсатында сапа мен тиімділікке қойылатын барлық қажетті талаптарына жауап беретін вакциналар пайдаланылады.

Профилактикалық егпелер жүргізу алдында жалпы практика дәрігері немесе педиатр, дәрігер болмаған кезде фельдшер азаматтарға, кәмелетке толмағандардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтардың заңды өкілдеріне егу жүргізуге ақпараттандырылған келісім нысанын ұсынады. Профилактикалық егулерді жүргізуге ерікті түрде ақпараттандырылған келісім немесе бас тарту жазбаша түрде ресімделеді.

Аудан көлемінде 2021 жылғы 15-ші қарашасынан бастап Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасынан аудандағы вакцина сақтау қоймасынан «Комирнати» вакцинасының 540 дозасы алынып, бүгінгі күнге дейін 233 балалар мен жасөспірімдер егілді. Оның ішінде 12-14 жастағы 18, 15 жас 42, 16-17 жас 173 балалар мен жасөспірімдер. Сонымен қатар, жүктілер арасында 58, емізетен келіншектер арасында 69 екпе жасалды.

12 жастан асқан жасөспірімдерді КВИ-ге қарсы вакцинациялау білім беру ұйымдарының егу пункттерінде жүргізілді. Сондай-ақ ата-аналардың қалауы бойынша емханада вакцинациялауды жеке тәртіппен жүргізуге жол берілді.

Сонымен қатар, бүгінгі күні «Комирнати» вакцинасымен 21-28 күн аралығымен вакцинация курсын 114 адам  аяқтап отыр. Вакцинациялау курсын аяқтағандардың 75 – і балалар мен жасөспірімдер, 39-ы емізетін және жүкті келіншектер (23-жүкті, 16-емізетіндер).

А.Жалғасова,
Бөлім басшысы
22 желтоқсан 2021 ж. 229 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930