» » Жануарларға жауыздық жасайтындар үшін жаза күшейтіледі

Жануарларға жауыздық жасайтындар үшін жаза күшейтіледі



Сенат жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң жобасын қабылдады. Оған сәйкес, қатыгездік жасағандарға ірі көлемде айыппұл салынады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Айыппұлдың көлемі екі есеге өсті

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің айтуынша, жануарларға қатыгездікпен қарау әрекеттерін бұқаралық ақпарат құралдары мен басқа да жолдар арқылы насихаттауға тыйым салынады. Ол үшін 1000 АЕК-ке (2 917 000 теңге) дейін айыппұл салу, бір жылға дейін бас бостандығынан айыру, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 2 жылға дейін айыру жазасы қарастырылып отыр.
Сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 316-бабы бойынша жануардың мертігуіне әкеп соққан қатыгездік үшін 120 АЕК-ке дейін (биыл 350 040 теңге ) айыппұл және 30 тәулікке дейін қамауға алу, ал жануардың өліміне әкеп соққан қатыгездік әрекет үшін 200 АЕК-ке дейін (583 400 теңге) айыппұл және 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы енгізілген.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске жануарларға қатыгездікпен қарау тармағы да енгізілді. Атап айтқанда, 407-1 бабында нақты айыппұлдың көлемі көрсетілді. Олар.
  • жеке тұлғаларға – 5 АЕК (29 170 теңге);
  • лауазымды тұлғаларға – 10 АЕК (58 340 теңге).
Ал осы тәртіп бұзушылық қайталанса, жеке тұлғаларға 20 АЕК және лауазымды тұлғаларға 40 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

407-2-баптың редакциясында үй және қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау, ұстау, есепке алу, серуендету, тасымалдау, өлтіру ережелерін бұзғаны үшін де айыппұл қарастырылған:
  • жеке тұлғаларға 10-нан 20 АЕК-ке дейін (29 170 теңгеден 58 340 теңгеге дейін);
  • лауазымды тұлғаларға 20-дан 30 АЕК-ке дейін (58 340 теңгеден 87 510 теңгеге дейін);
  • заңды тұлғаларға 30-дан 40 АЕК-ке дейін (87 510 теңгеден 116 680 теңгеге дейін.
Жануарларды есепке қою қажет

2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап үй жануарларын тіркеуге қою міндеті енгізіледі. Ал әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар болса, есепке алу шаралары бюджет есебінен атқарылады.

«Заңға сәйкес, жануарлардың азап шегуін тоқтату және халықтың өміріне қауіп төнген жағдайда ғана өлтіруге рұқсат беріледі. Жануарларды қорғаушылардың жылжымалы хайуанаттар бағы, контактілі зоопарк, жылжымалы океанариумдар, дельфинарийлер мен жануарлардың жылжымалы көрмелерінің қызметіне тыйым салу туралы ұсыныстары да ескерілді. Бұл норма осы ұйымдардың меншік иелеріне бизнесті тарату немесе қайта ұйымдастыру іс-шараларын өткізу үшін уақыт беру мақсатында кейінге шегеріледі», – деп атап өтті министр.  

Сенат депутаттары заңды қабылдап, президенттің қол қоюына жіберді.
23 желтоқсан 2021 ж. 170 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930