» » "10 жылға қамалады": Қазақстанда көлік жүргізушілерінің жазасы күшейтіледі

"10 жылға қамалады": Қазақстанда көлік жүргізушілерінің жазасы күшейтіледі


Мас күйінде көлік жүргізгені үшін әкімшілік қамау мерзімі 30 тәулікке дейін ұзартылып, көлік айдау құқығынан айыру мерзімі 8 жылға ұлғаяды. ERNUR.KZ.
Бас прокуратура көлікті мас күйінде жүргізгені үшін жазаның қалай күшейтілетінін түсіндірді, деп жазады sputniknews.kz. Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, бүгінде көлік жүргізушісі мас болсын, сау болсын, адамды қағып өлтіргені үшін жаза бірдей, ары кетсе, бес-ақ жыл. "Енді, мас күйінде осындай қылмыс жасаған адам 10 жылға бас бостандығынан, сондай-ақ, өмір бойы көлік басқару құқығынан айырылады. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде мас күйінде көлік айдағаны үшін 30 тәулікке дейін әкімшілік қамау мерзімі ұзартылып, көлік жүргізу құқығынан айыру мерзімі 8 жылға ұлғаймақ", - деді Ахметжанов мәжілістің пленарлы отырысында.
Оның сөзіне қарағанда, осы санаттағы қылмыстар бойынша тараптардың қайта татуласуына тыйым салынады. Айта кетейік, өзгерістердің бәрі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында көрсетілген. Бүгін мәжіліс депутаттары осы құжатты бірінші оқылымда қарады. Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көлікті ішімдік ішіп алып жүргізетіндерге қатысты жазаны қатаңдатуды тапсырған болатын.


21 қараша 2019 ж. 447 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 710

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031