» » 5000 зорлықшы мен педофил босатылмайды - Бас прокуратура

5000 зорлықшы мен педофил босатылмайды - Бас прокуратура

© ТұÑÐ°Ñ ÒазанÒапов


ҚР бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов қылмыстық-процестік және қылмыстық заңнаманы ізгілендіруге бағытталған заңның негізгі ережелерін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Марат Ахметжанов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында жазаларды ізгілендіруге бағытталған заңның 31 шілдеден бастап күшіне енетінін айтып өтті. Сондай-ақ, ол кімдердің жазасы жеңілдетілуі мүмкін екенін айтып берді.

"БАҚ-тарда осы заң аясында ауыр қылмыс жасаған 5000 сотталушының бостандыққа шығатыны жайлы мәліметтер жарияланды. Олардың қатарында зорлық, ұрлық жасағаны үшін сотталған, сондай-ақ, денсаулыққа ауыр зиян келтіргендер бар еді. (...) Ол мәліметтер шындыққа жанаспайды", - деп мәлімдеді бас прокурордың орынбасары.

Оның айтуынша, заң ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандарды бостандыққа шығаруды көздемейді.

"Тағы да түсіндіріп өткіміз келеді - заңның кімге және қалай қолданылатыны жайлы. Ауыр қылмыс жасағандарды, ұрылар мен педофилдерді ешкім босатайын деген жоқ және ешқашан босатпайды да", - деді Марат Ахметжанов.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстанда 5 мың адамның бостандыққа шығуы мүмкін екені хабарланған еді. "(...) Айыппұл сомасы төмендеп, 36 құрам бойынша бостандықтан айыру мерзімі азайып жатыр, ауыр қылмыстар бойынша жауапқа тартудың ескіру мерзімі 5 жылға қысқарды. Бұл сотталған бес мың адамды босатуға жол береді. Заңға Мемлекет басшысы қол қойды. Заңдылықты нығайту бойынша жұмыс жалғасады", - деген еді осыған дейін бас прокурор Қайрат Қожамжаров.

tengrinews.kz
27 шілде 2018 ж. 722 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930