» » Ұрланған затты жұрттың өзі сатып алып жатыр - Министрлік

Ұрланған затты жұрттың өзі сатып алып жатыр - Министрлік

ÐÓ©ÑÐ½ÐµÐºÑ ÑÑÑеÑ: nvdaily.ru

Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов қоғам Қазақстандағы ұрлыққа ықпал ететінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл қылмысқа біз анықтаған дәйектер де жатады. Көлік құралдарын ұрлап кеткенде, бір немесе басқа Техникалық қызмет көрсету станциясына осы ұрланған көліктерді сатып алуға көмектеседі. Павлодардағы өлімнен кейін соңғы қылмыс - ТҚКС-на көлік тапсырылып, арзан бағамен сатылып кеткен. Біз азаматтық тұрғыдан кей нәрселерге көз жұмып қарағанымыздың өзі қылмыс жасауға ықпалын тигізеді. Тексеріс барысында ұрланған зат арзан бағамға бағаланып, түбінде ол затты өзіміз сатып аламыз. Алайда, барлығы ол заттың қылмысқа қатысы болғанын біледі", - деді Рашид Жақұпов брифинг барысында.

Мұның алдында Денис Тенді нақты кім пышақтағаны айтылған болатын. Алматы полицейлері Денис Теннің өліміне қатысты тергеудің қалай жүргізіліп жатқанын айтып берген еді.

Еске салайық, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Кейінірек қоғам белсенділері ІІМ мен ІІД басшылығын ауыстыруды талап ететіндерін мәлімдеген еді.

Шабуылдан кейін 106-бап "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабы "Тонау" 2 бөліміне байланысты тергеу басталды.
Мәнерлеп сырғанаушы қайтыс болғаннан кейін 106-бап Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінде қайта қарастырылды. 

tengrinews.kz

24 шілде 2018 ж. 707 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930