Қызылорда: 14078 адамға «Pfizer» вакцинасы салынды
Қызылорда облысы санитарлық эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталығына байланысты «жасыл аймақта». Дегенмен сақтық шараларына салғырт қарауға әлі ерте. Індет басталғалы бері өңірімізде коронавирус инфекциясымен 19422 науқас тіркелді.
14078 адамға «Рfizer» вакцинасы егілді. Оның 11325-і жасөспірім, 1264-і жүкті әйелдер, емізулі аналар-1488. Сонымен қатар бүгінге дейін өңірдің 16488 тұрғыны ревакцинациядан өтті.
«Өткен тәулікте 2 жағдай анықталды. Бүгінде облыс бойынша инфекциялық стационарда – 51, реанимациялық төсек-орында 6 науқас ем қабылдап жатыр. Індетті ауыздықтар бір ғана жол бар, ол – вакцинация. 1 ақпан мен 27 желтоқсан аралығында облыста вакцинацияның 1 компонентімен егілгендер саны – 415538, халықтың қамтылуы 91,8 пайызды құрады. Екінші компонентті – 380740 (84,1 пайыз) адам салдырды», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жангелді Шаймбетов.
14078 адамға «Рfizer» вакцинасы егілді. Оның 11325-і жасөспірім, 1264-і жүкті әйелдер, емізулі аналар-1488. Сонымен қатар бүгінге дейін өңірдің 16488 тұрғыны ревакцинациядан өтті.