» » Қазақстанда "омикрон-штаммға" байланысты 5 қаңтардан бастап шектеулер енгізілмек

Қазақстанда "омикрон-штаммға" байланысты 5 қаңтардан бастап шектеулер енгізілмек

ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев үкімет отырысында 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап елімізде қосымша алдын алу шараларын енгізу жоспарлары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Жандос Бүркітбаев эпиджағдайға әсер ететін жағымсыз факторлардың бірі әлемде "омикрон-штамм" нұсқасының таралуының жоғары қарқыны екенін айтты. 

“30 қарашадағы жағдай бойынша коронавирустың "омикрон-штаммы" 16 елде, ал бүгінгі күні әлемнің 110 елінде анықталды. "Омикрон" штаммының таралу коэффициенті жоғары –  1:5-ке тең, сондай-ақ, штаммды қайта жұқтыру қаупі жоғарылағаны байқалады”, – ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев.

Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамын жариялады, оған сәйкес ауру бірнеше ай бойы бүкіл әлемге таралады.

Сауда-ойын-сауық орталықтарына, сауда үйлеріне, сауда желілеріне; спорттық-сауықтыру орталықтары мен фитнес-орталықтарға, йога-орталықтарға; караоке; бассейндер; сауналар, моншалар; банктер; "Қазпошта" АҚ бөлімшелері, ХҚКО-ға Ashyq қосымшасы бойынша "жасыл" статусы бар адамдарға ғана кіруге рұқсат беру бөлігінде қосымша алдын алу шараларын енгізу ұсынылады.

Аталған норманы 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап енгізілмек.

28 желтоқсан 2021 ж. 195 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930