» » Назарбаев жастарға: Мен сендердi әлемнiң ең озық мамандарының деңгейiне көтерiлуге шақырамын

Назарбаев жастарға: Мен сендердi әлемнiң ең озық мамандарының деңгейiне көтерiлуге шақырамын


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жастарды әлемнiң ең озық мамандарының деңгейiне көтерiлуге шақырды. Бүгiн «Жаңа әлемге жол саламыз» атты гала-форумда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы Гүлшара Әбдiқалықова жастарға Елбасының құттықтау сөзiн оқып бердi, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Елорданың ЭКСПО-2017 Конгресс-орталығында «Жаңа әлемге жол саламыз» атты гала-форум өтiп жатыр. Шара «Жас Отан» Жастар қанатының кезектi IV съезi аясында ұйымдастырылып отыр. Оған елiмiздiң барлық өңiрiнен келген 1500-ден астам белсендi жасотандық қатысуда. Форумда Қазақстан президентiнiң құттықтау сөзiн Гүлшара Әбдiқалықова оқып бердi.

«...Тәуелсiздiктiң алғашқы күндерiнен бастап жастар мәселесi менiң де, мемлекеттiң де ең басты назарында болып, бұл салада көптеген бағдарлама жүзеге асты. Мен осынау еңбектiң жемiсi мен қамқорлықтың жылуын жастардың жақсы бiлетiнiне кәмiл сенемiн. (...) «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаламда мен 21-шi ғасырдағы ұлттық санаға және таяу жылдарда қолға алуды қажет ететiн мiндеттерге ерекше назар аудардым. Солардың қатарында латын әлiпбиiне көшу, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы, үштiлдi бiлiм беру сияқты мiндеттердi елдiк мүдденiң жаңа деңгейi деп атап өтер едiм. (...) Осының барлығында мен жастардың сапалы бiлiм алып, бәсекеге қабiлеттi маман болып қалыптасуына ерекше көңiл бөлiп, соған басымдық бердiм. Өйткенi, сендер елiмiздiң ертеңi ғана емес, мен айқындаған мақсаттарды жүзеге асыратын буынсыңдар. Мен сендердi белсендi түрде жан-жақты дамуға, спортпен, өнермен айналысуға, шет тiлдердi үйренуге, отандық және әлемдiк әдебиеттiң терең мұраларын танып, бiлуге, ең бастысы әрқайсың өз салаларыңда әлемнiң ең озық мамандарымен иық тiрестерiп, қатар тұра алатындай деңгейге көтерiлуге шақырамын. (...) Мен сендердiң тың бастамаларыңды әрқашан қолдаймын. Ендеше, жаңа әлемге салған жолдарыңыз әрдайым ашық әрi даңғыл болсын», - деген Елбасының құттықтау сөзiн Гүлшара Әбдiқалықова оқып бердi.

Гала-форумда өз саласында белгiлi бiр биiктердi бағындырған, қоғамның дамуына өзiндiк үлес қосқан жас қазақстандықтар сөз сөйлеп, әрiптестерiне жетiстiкке жетудiң қыр-сырын әңгiмелеуде.
Атап өтсек, бүгiнгi таңда жастар қанаты 150 мыңнан астам жас қазақстандықтың басын бiрiктiретiн бiрегей ұйымға айналған. Әр облыс, қала және ауданда өз өкiлдiктерi бар. Қазiргi таңда бүкiл Қазақстан бойынша «Жас Отанның» 230-ға жуық бастауыш ұйымы жұмыс iстейдi.



Қымбат ЕЛТАЙҚЫЗЫ
Baq.kz

29 наурыз 2018 ж. 861 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 664

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30