Қызылорда облысының 4 ауданында 100-ден аса отбасы қоныс тойын тойлады
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі аясында Қызылорда облысындағы Арал, Қазалы, Қармақшы және Жалағаш аудандарында 111 пәтер пайдалануға берілді. Жаңа қоныс иелеріне пәтер кілтін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова табыстады.
Аймақ басшысы алдымен Арал қаласында салынған 18 екі пәтерлі үйдің кілтін табыстау рәсімінде баспана иелерін келе жатқан Жаңа жыл және қоныс тойларымен құттықтады.
«Бүгін, міне, үй кезегінде тұрған Арал тұрғындарын қуанту мақсатында Жаңа жыл қарсаңында үйлердің кілтін табыстағалы тұрмыз. Қазан айында ғана біз осы маңдағы 1 қабатты 4 пәтерлі тұрғын үйлердің кілтін берген болатынбыз. Белгілі меценат Болат Өтемұратов Арал өңіріндегі қуаңшылық мәселесімен қатар, тұрғындардың әлеуметтік жағдайына да назар аударып, бірнеше отбасының баспаналы болуына демеушілік жасады. Бүгінгі таңда осы тұрғын үйлердің құрылысы аяқталып, барлық жағдайы жасалған жайлы баспана пайдалануға беріліп отыр. Тұрғындарға қуаныш сыйлаған құрылысшыларға, жұмысшыларға зор ризашылығымызды білдіреміз. Шаңырақтарыңызға шаттыққа толып, құт-береке кетпесін! Еліміз еңселі, тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!», - деді облыс әкімі.
Айта кетейік, тәуелсіздік алған жылдан бері Арал ауданында 324 697 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй пайдалануға беріліп, 180 жас маман тұрғын үймен қамтамасыз етілді.
Облыс әкімі жұмыс сапары аясында Қазалы ауданындағы Әйтеке би кентінде көпбалалы 18 отбасыға 35 пәтерлік тұрғын үйдің кілтін салтанатты түрде табыстады
«Аймақаш» шағын ауданындағы 36 тұрғын үйдің құрылысы осы жылдың басында басталды. Ол үшін бюджеттен 388 млн теңге бөлінді.
Салтанатты шарадан соң өңір басшысы 7 баланың анасы Жанаргүл Баймұханованың жаңа шаңырағында болып, қуаныштарына ортақтасып, құрметін көрсетті. Пәтер иесіне арнайы сыйын табыс етіп, балаларына жаңажылдық тәттілерді тарту етті.
Айту керек, 30 жыл ішінде ауданда 467 900 шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілген.
Бүгін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қармақшы ауданында да 10 пәтерлі 5 тұрғын үй пайдалануға берілді. Бір тұрғын үйдің жалпы ауданы 136,6 шаршы метрді құрайды.
Ал, Жалағаш ауданында 30 отбасы Жаңа жылды жаңа пәтерде қарсы алады. Мұнда 3 бөлмелі арендалық 30 тұрғын үй пайдалануға берілді. Аймақ басшысы жаңа қоныс иелерін мерекемен құттықтап, облыс тұрғындарын, оның ішінде, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды баспанамен қамту жұмыстарының одан әрі жалғасатынын алға тартты.
Еске сала кетейік, тәуелсіздік алған жылдан бүгінге дейін Қызылорда облысында 8 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді.