» » Әскерилерді баспанамен қамту жүйесіне өзгеріс енгізіледі – заң жобасы мақұлданды

Әскерилерді баспанамен қамту жүйесіне өзгеріс енгізіледі – заң жобасы мақұлданды

Мәжіліс депутаттары әскери қызметшілерді баспанамен қамтамыз ету заңнамасына енгізілген өзгерістерді мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқовтың айтуынша, заңға «модульдік тұрғын үйлер» анықтамасы енгізіліп отыр. Ондай баспана жылдам құрастырылады және қайта жиналады. Қорғаныс министрлігі модульдік тұрғын үйлерді сатып алып, әскерилер арасында таратады. Ал әскери бөлім басқа бір жерге ауыстырылса, модульдік үйлерді де бірге алып кетуге мүмкіндік болады.

«Қазақстан аумағы кең, шұғыл орын ауыстыру қажеттілігі бар. Әскерилер отбасымен бірге басқа аймаққа ауысқан жағдайда жинақы түрде көше салады. Модульдік үйлер тез бұзылады, сосын жаңа жерде қайта құрастырылады. Барлық коммуникациясы да болады. Бұл қызметтік баспана болады. 2-3 бөлмеден тұрады», – деді Тұяқов журналистерге берген сұхбатында.

Осы орайда министрдің орынбасары жаңа жылдан бастап жалақының көтерілетінін еске салды.

«Жаңылмасам, шамамен 30 процентке көтеріледі. Сондықтан әскерилерге жақсы жағдай жасалып жатыр деп ойлаймын. Ал жаңа заңда тағы бір норма енгізіліп отыр. Оған сәйкес, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскерилер белгілі бір уақыттан кейін қорғаныс министрлігіне ауыса алады. Бұрын ондай мүмкіндік болмаған. Мысалы, ол адамның әскери білімі бар. Бірақ ұлттық ұланда немесе басқа бір ведомствода қызмет етеді. Өз қалауымен қорғаныс министрлігіне ауысқысы келеді. Міне, жаңа заңда сондай мүмкіндік жасалып жатыр», – деп атап өтті Тұяқов.Айта кетері, мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызмет және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірауыздан мақұлдап, сенаттың қарауына жіберді.
29 желтоқсан 2021 ж. 119 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930