» » Қызылордада сарбаздың өліміне қатысы бар азамат ұсталды

Қызылордада сарбаздың өліміне қатысы бар азамат ұсталды

Қызылорда қаласында қаңтар айының 5 күні жаппай тәртіпсіздік орын алғаны белгілі. Мұның салдарынан полиция қызметкерлері жараланып, 5547 әскери бөлімінің сарбазы ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.

Орын алған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігінің 15) тармағымен (жаппай тәртіпсіздік барысында адам өлтіру) және Қылмыстық кодексінің 380-1-бабы 2-бөлігінің 5) тармағымен (басқа адамдардың өміріне қауіп төндіріп әскери қызметшіні қазаға ұшырату) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген арнайы іс-шаралар нәтижесінде жас сарбаздың өліміне қатысы бар 31 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Бүгінгі күні, іс бойынша тергеу жалғасуда және өзге мәліметтер тергеу құпиясын сақтау мақсатында жариялануға жатпайды.
11 қаңтар 2022 ж. 143 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 719

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031