» » Қызылордада үйінде есірткі сақтаған тұрғын ұсталды

Қызылордада үйінде есірткі сақтаған тұрғын ұсталды

Қызылорда облысы көлемінде өтіп жатқан «Рефлекс» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының қызметкерлері облыс орталығы тұрғынының үйінен, ауласынан және сарайынан жасыл түсті ерекше иісі бар ұнтақталған шөптер тауып, тәркіленді.

Сараптама қортындысына сәйкес алынған шөптің салмағы 4 келіден асты. Оның «кептірілген марихуана» екені белгілі болды. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен (аса ірі мөлшердегі есірткі заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.


16 қараша 2021 ж. 276 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 026

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30