» » Қызылордалық полицейлер ірі есірткі алқабын анықтады

Қызылордалық полицейлер ірі есірткі алқабын анықтады

Қызылордалық полицейлер ірі есірткі алқабын анықтады.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс көлемінде өтіп жатқан “Қарасора-2021” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ірі есірткі алқабын анықтады. Жедел шаралар барысында 10 қыркүйек күні Арал ауданы Жіңішкеқұм ауылынан 100 шақырым далалық жерде ірі есірткі алқабы анықталды.

Күдікті үш ер адам оқиға орнында ұсталды. Олар 2479 түп сора өсімдігін арнайылап баптап, егіп өсірген. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігімен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
14 қыркүйек 2021 ж. 291 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930