Мәжіліс депутаты Назарбаевтың күйеу балаларын лауазымдарынан айыру туралы шешімді түсіндірді
ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров “QazaqGaz” және "ҚазТрансОйл" ұлттық компанияларының басқарма төрағалары Қайрат Шәріпбаев пен Димаш Досанов не себепті қызметтерінен босатылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы "Говорит Москва" радиосына берген сұхбатында айтты.
Оның айтуынша, мұндай шаралар республиканың дамуына оң әсерін тигізеді. Саиров Қазақстанда қоғамдық игіліктерді тең бөлу проблемалары бар екенін, сондықтан қазіргі таңда ел Пъпрезиденті Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалар бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
"Бұл кадрлық өзгерістер ел үшін маңызды. Депутат: Іс жүзінде бұл Қазақстан экономикасын олигархтардан тазарту болып отыр. Процесстер басталды", - деді Саиров.
Дегенмен елдегі ірі компаниялардың басқару секторындағы өзгерістер сенсация туғызбайды, деді ол.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу балалары QazaqGaz және "Қазтрансойл" ұлттық компанияларынан босатылғаны белгілі болған.