Балалардың отпен ойнауы - өрт Шығудың басты себебі

Әрбір ата – ана өз баласына жауапкершілікпен қарауы тиіс. Ата – ана жас балаларды отпен ойнауға әдеттендірмеу қажет. Мүмкін болғанынша олармен бір мезгіл өрттің зиянды құбылыс екенін әңгімелеп отырғандарыңыз дұрыс. Қазіргі уақытта көптеген өрт оқиғасы балалардың отпен ойнауынан яғни, сіріңке жағып ойнауына болып отыр. Бұндай өрт оқиғалары өте қауіпті. Ол балалардың қатты жарақат алуына, кей кездерде балалар өліміне әкеп соқтыруы мүмкін.
Осындай қатерлі оқиғалардың алдан алу үшін, ата – аналар төмендегідей талаптарды орындауы керек.:
-Балаларды үйде жалғыз қалдыруға, әсіресе құлыптаулы қалдыруға болмайды,
-балаларға жанып жатқан пешке, электр жылытқышқа, керосин лампасына қарауға тыйым салу,
-балаларға электр пештерді, телевизор, магнитофондарды қосуға рұқсат етпеу,
-балаларға сіріңкемен ойнауға тыйым салу және сіріңкені балалар ала алмайтын жерде сақтау қажет.
Абай болыңыздар! Осымен қатар төсекте жатып шылым шегу, бұзылған немесе бақылаусыз электр құралдары, отқа жете көңіл бөлмеу сияқты басқа да жағдайлар сіздің үйіңіздегі өрттің шығуына ықпал етеді. Отпен айналысқандарыңызда сақтық шараларын әр кезде ұмытпаңыздар. Оны қатаң сақтаңыздар. Балаларды бақылаусыз қалдырмаңыздар, уақытылы пештерді, түтін жүретін жолдарды, электр сымдарын жөндеуден өткізіңіздер.
«Өрт шыққан жағдайда 101–112 ге хабарлаңыздар»
Жалағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі