» » Балам, отпен ойнама!

Балам, отпен ойнама!

Әрбір ата-ана өз баласына жауапкершілікпен қарауы тиіс. Мүмкін болғанынша оларға бір мезгіл өрттің зиянды құбылыс екенін айтып отырғандарың дұрыс.
Қазіргі уақытта Жалағаш ауданы көлемінде көптеген өрт оқиғасы балалардың отпен ойнауынан яғни, сіріңке жағып ойнауынан болып отыр. Мұндай өрт оқиғалары өте қауіпті. Ол балалардың қатты жарақат алуына, кей кездерде бала өліміне әкеп соқтыруы мүмкін.
Осындай қатерлі оқиғалардың алдын алу үшін, ата-аналар төмендегідей талаптарды орындауы керек:
- Балаларды үйде жалғыз қалдыруға, әсіресе құлыптаулы қалдыруға болмайды;
- балаларға жанып жатқан пешке, электр жылытқышқа, керосин лампасына қарауға тыйым салу;
- балаларға электр пештерді, телевизор, магнитофондарды қосуға рұқсат етпеу;
- балаларға сіріңкемен ойнауға тыйым салу және сіріңкені балалар ала алмайтын жерде сақтау қажет.
Абай болыңыздар! Төсекте жатып шылым шегу, бұзылған немесе бақылаусыз электр құралдары, отқа жете көңіл бөлмеу сияқты басқа да жағдайлар сіздің үйіңіздегі өрттің шығуына ықпал етуі мүмкін. Отты пайдаланғанда сақтық шараларын ұмытпаңыздар. Оны қатаң сақтаңыздар. Балаларды бақылаусыз қалдырмаңыздар, уақытылы пештерді, түтін жүретін жолдарды, электр сымдарын жөндеуден өткізіңіздер. «Өрт – тілсіз жау». Бұл апаттан сақтану үшін әрбір тұрғын үй иесі сақтық шараларын жасағаны жөн.

А.АРАПБАЕВ,
аудандық төтенше
жағдайлар бөлімі бастығының
міндетін атқарушы, азаматтық
қорғау аға лейтенанты.

28 қаңтар 2019 ж. 1 470 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930