Жаңа жылдық салют: ДСМ-да қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы айтып берді
Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы қазақстандықтарға Жаңа жыл қарсаңында тұрмыстық пиротехникалық бұйымдарды қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес берді, - деп хабарлайды BNews.kz.
Ұлттық орталықтың мәліметінше, жыл сайын жаңа жылды қарсы аларда адамдар әртүрлі пиротехникалық бұйымдарды сатып алады. Ал жыл сайын елімізде сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға немесе қауіпсіздік техника ережелерін сақтамауға байланысты халық арасында жарақат алу фактілері тіркеліп келеді.
Жарақат алуды болдырмау және денсаулыққа зиян келтірмеу үшін аталған бұйымдарды сатып алу, сақтау және қолдану кезінде төмендегі қауіпсіздік техника ережелерін біліп, сақтау қажет:
Барлық пиротехникалық бұйымдар (петардалар, фейерверктер, салюттер, тарсылдақтар және басқалар) міндетті түрде сертификатталуы тиіс және бұйымға қоса берілетін немесе оның өзіне жапсырылатын қолдану нұсқаулықтары мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылуы керек. Бұл талап "Пиротехникалық бұйымдардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының 2011 жылғы 16 тамыздағы Техникалық регламентімен реттелген, соған сәйкес бұйымға немесе қаптамасына ақпараттық мәтін және манипуляциялық белгі түрінде таңбалау белгілері, дайындаушы-ұйымның (өнім берушінің немесе импортердің) атауы және орналасқан жері жазылады, бұл бұйымның сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік береді.
Оларды қалтада ұстап жүруге және автомобильде ұзақ алып жүруге болмайды. Пиротехникалық бұйымдарды қолданудың алдында міндетті түрде нұсқаулығын оқыңыз. Есіңізде болсын, өзіңізге таныс және кәдімгі пиротехникалық бұйымның өзіндік ерекшелігінің болуы мүмкін.
Оларды қолда немесе дененің басқа мүшелерінде ұстап тұрып атуға болмайды, бетке қарай, дененің басқа да мүшелеріне және басқа адамдарға қаратып атуға қатаң тыйым салынады.
Халыққа сатуға арналған барлық фейерверлік бұйымдардың ішіне от жүргізілген сым салынады. Бұйымның от жүргізілген сымын алдын ала ашып, түзеп алыңыз. Білтені жағудың алдында бұйымның бас жағы қайда екенін және жанатын элементтердің қайдан шығатынын анық біліп алу қажет.
Салюттерді қатты, тегіс жерге орнатқан жөн. Төмен жағы кішкентай салюттерді жан-жағынан топырақпен нығайтқан немесе қатты қарға орнатқан жөн. Бұл бұйымның құлап қалмауына мүмкіндік береді. Ракеталар мен ұшатын фейерверлік бұйымдарды тұрғын үйлерден, төбелері тозған немесе ашық тұрған құрылыстардан алыс жіберген жөн. Жерде атылатын фейерверлік бұйымдар үшін олардың қозғалуына кедергі келтірмейтін тегіс жерді таңдаған дұрыс. Ол мұз, біртегіс топырақ, асфальт, бетон болуы мүмкін. Фейерверк ататын адам бұйымды жаққаннан кейін жанып тұрған фейерверкке арқасын беріп, қауіпті жерден тез арада кетуі тиіс.
- ересек адамдардың қарауынсыз 18 жасқа толмағандарға қолдануға;
- пиротехникалық бұйымның қасында темекі тартуға;
- оларға механикалық әсер етуге;
- пиротехникалық бұйымды лақтыруға, соғуға;
- отқа тастауға;
- (бенгал оттарынан, торт шамдарынан, тарсылдақтардан басқа) пиротехникалық бұйымдарды үй-жайларда қолдануға;
- (бенгал оттарынан, торт шамдарынан, тарсылдақтардан басқа) жанып тұрған пиротехникалық бұйымдарды қолда ұстап тұруға;
- оларды ғимараттардың, құрылыстардың, ағаштардың, электр желілері жанында және қауіпті жер радиусынан кіші арақашықтықта қолдануға.
- жанып тұрған пиротехникалық бұйымдардан қауіпті арақашықтықта тұруға;
- білтені жаққан кезде, сондай-ақ пиротехникалық бұйым жанып тұрған кезде бүгіліп қарауға;
- білте өшіп қалған жағдайда оны қайта жағуға;
- пиротехникалық бұйымдар жанып болғаннан кейін 5 минуттың ішінде оларға бүгіліп қарауға.
"Осы қарапайым ережелерді сақтау пиротехникалық бұйымдарды сатып алу, сақтау және қолдану кезінде өзіңіздің және қасыңыздағы адамдардың денсаулығына зиян келтірмеуге мүмкіндік береді", - деп түсіндірді Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында.

"Пиротехникалық бұйымдарды тек арнайы орындардан сатып алу қажет. Оларды рұқсат етілмеген орындардан (базарлардан, киоскілерден және басқа да сауда орындарынан) немесе "таныс" адамдардан сатып алмау керек, өйткені қолдану кезінде үлкен қауіп туғызатын сертификатталмаған немесе заңсыз әкелінген бұйымды сатып алуыңыз мүмкін. Пиротехникалық бұйымдарды сатып алу кезінде орамаға назар аудару қажет, оның дымқылданған, айырылған жерлері болмауы тиіс. Егер тауар белгісі бар бұйымдарды сатып алсаңыз, бұйымның сапалы екеніне күмән келтірмеңіз", - делінген хабарламада.Пиротехникалық бұйымдарды құрғақ жерде, орамада, балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтау керек. Оларды дымқыл немесе ауа температурасы жоғары (30°С-тан астам) құрғақ жерде, тез жанатын заттардан, сондай-ақ жылыту құрылғыларынан алыс сақтау керек. Жылдың суық мезгілінде фейерверктерді жылытылатын үй-жайда сақтаған жөн, басқа жағдайда олар температураның өзгеруінен дымқылдануы мүмкін. Дымқыл тартқан фейерверктерді жылыту құрылғыларында кептіруге және оларға жылыту құрылғыларын қолдануға (құрылыс және тұрмыстық кептіргіштерді, дәнекерлейтін шамдарды және т.с.с.) қатаң тыйым салынады.
Оларды қалтада ұстап жүруге және автомобильде ұзақ алып жүруге болмайды. Пиротехникалық бұйымдарды қолданудың алдында міндетті түрде нұсқаулығын оқыңыз. Есіңізде болсын, өзіңізге таныс және кәдімгі пиротехникалық бұйымның өзіндік ерекшелігінің болуы мүмкін.
Оларды қолда немесе дененің басқа мүшелерінде ұстап тұрып атуға болмайды, бетке қарай, дененің басқа да мүшелеріне және басқа адамдарға қаратып атуға қатаң тыйым салынады.
Халыққа сатуға арналған барлық фейерверлік бұйымдардың ішіне от жүргізілген сым салынады. Бұйымның от жүргізілген сымын алдын ала ашып, түзеп алыңыз. Білтені жағудың алдында бұйымның бас жағы қайда екенін және жанатын элементтердің қайдан шығатынын анық біліп алу қажет.
Салюттерді қатты, тегіс жерге орнатқан жөн. Төмен жағы кішкентай салюттерді жан-жағынан топырақпен нығайтқан немесе қатты қарға орнатқан жөн. Бұл бұйымның құлап қалмауына мүмкіндік береді. Ракеталар мен ұшатын фейерверлік бұйымдарды тұрғын үйлерден, төбелері тозған немесе ашық тұрған құрылыстардан алыс жіберген жөн. Жерде атылатын фейерверлік бұйымдар үшін олардың қозғалуына кедергі келтірмейтін тегіс жерді таңдаған дұрыс. Ол мұз, біртегіс топырақ, асфальт, бетон болуы мүмкін. Фейерверк ататын адам бұйымды жаққаннан кейін жанып тұрған фейерверкке арқасын беріп, қауіпті жерден тез арада кетуі тиіс.
"Ең басты қауіпсіздік ережесі: фейерверлік бұйымдардың ішін ешқашан — қолдануға дейін де, қолданудан кейін де ашпаңыз! Пиротехникалық бұйымдарды ашуға, қосымша жарақтандыруға немесе олардың конструкциясын қандай да бір әдіспен өзгертуге ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ", - деп ескертті Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығында.Пиротехникалық бұйымдарды қолданған кезде мыналарға тыйым салынады: