» » Утилизациялық алым жинайтын «Оператор РОП» қызметі тоқтатылды

Утилизациялық алым жинайтын «Оператор РОП» қызметі тоқтатылды

Қазақстан үкіметі «ӨКМ Операторы» ЖШС-ның (Оператор РОП) қызметін тоқтату туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚР Премьер-министр сайты.

«ӨКМ Операторы» ЖШС-нің утилизациялық алымды әкімшілендіру және тиісті қаражатты басқару аясындағы қызметі тоқтатылды. Утилизациялық алым қаражаты есебінен құрылған активтер мемлекет меншігіне берілді», – делінген хабарламада.

Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін әкімшілендіру функциясын мемлекеттік ұйым – «Жасыл даму» АҚ орындайды.

2021 жылдың соңында утилизациялық алым ставкасы мен көлік бағасына наразы болған қазақстандықтар утилизациялық алымды алып тастау талабымен петицияны іске қосты.
19 қаңтар 2022 ж. 330 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 197

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031