» » Қамауда жатқан 1083 адам босатылды

Қамауда жатқан 1083 адам босатылды

Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов Президенттің ауырлататын мән-жайлардан бөлек, жазаларды жеңілдету туралы тапсырмасына сәйкес атқарылған жұмыстарды баяндады.

Жалпы сотпен, қаңтардағы оқиғалар бойынша 9213 әкімшілік іс қаралған.

Сот шын ниетпен өкіну және жеңілдететін мән-жайлардың болуын ескеріп 4561 адамға қатысты ескерту жасаумен шектеліп отыр.

«Прокурорлардың өтінішхаттарымен 1083 адам қамаудан босатылды, 490 айыппұл жазалары ескертуге ауыстырылды, 386 әкімшілік істері құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты толығымен қысқартылды.
Қазіргі уақытта, 362 адам әкімшілік қамаққа алынып, 1245 тұлғаларға қатысты айыппұл қолданылды»,- деді Елдос Қилымжанов.
22 қаңтар 2022 ж. 196 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 703

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930