» » 25 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

25 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

25 қаңтар күні еліміздің батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында фронталды бөліктер әсерінен қар жауып, республиканың батысында жел күшейіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

ҚР қалған бөлігіне антициклон жотасы өз әсерін сақтайды – жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы аудандарында тұман күтіледі, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Атырау облысының солтүстігі мен орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Маңғыстау облысының батысында көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының оңтүстігі мен орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында, түнде Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.
25 қаңтар 2022 ж. 102 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930