» » KEGOC Қазақстанда неге жарық өшіп қалғанын түсіндірді

KEGOC Қазақстанда неге жарық өшіп қалғанын түсіндірді


«KEGOC» АҚ Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанда электр энергиясының өшу себебін атады. 

2022 жылдың 25 қаңтарында сағат 11.59-да (Нұр-Сұлтан уақытымен) Орталық Азияның (Өзбекстан, Қырғызстан) энергия жүйесінде туындаған айтарлықтай апатты теңгерімсіздік салдарынан 500 кВ «Солтүстік-Шығыс-Қазақстанның оңтүстігі» электр энергиясы транзитінде электр қуаты күрт ұлғайды.

Салдарынан «Солтүстік-Шығыс-Қазақстанның оңтүстігі» транзиті апатты түрде бөлініп, Қазақстанның оңтүстік аймағындағы тұтынушылардың басым бөлігі жарықсыз қалды.

Шектеу көлемі шамамен 1500 мегаватты құрайды.

Қазіргі таңда оператор апатты жою шараларын қабылдап жатыр, деп мәлімдеді компания.

Sputnik Қазақстан.
25 қаңтар 2022 ж. 400 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 703

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930