» » Бас прокуратура кімдерге қылмыстық жауаптан босату кепілін береді?

Бас прокуратура кімдерге қылмыстық жауаптан босату кепілін береді?


Бас прокуратура заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдарды қылмыстық жауапкершіліктен босатуға кепілдік береді.

Ішкі істер министрлігінің өкілдері қаруларды өз еркімен тапсыру мүмкіндігі бар екенін хабарлады. Бұл шара қылмыстық қудалаудан босатады. Бас прокуратураның 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бұған қандай кепілдіктер бар және қандай жағдайда бұл мүмкін болатынын түсіндіріп өтті.

«Бас прокуратура, қаруларды, оқ дәрілерді, жарылғыш заттарды заңсыз сақтап, өз еркілерімен тапсырған тұлғаларға, қылмыстық жауаптан босату кепілін береді. Адам қарумен жүріп, құқық қорғау органдарымен ұсталса, ондай жағдай, өз еркімен қаруды тапсыру деп танылмайды. Ішкі істер органдарына заңсыз айналымнан атыс қаруларын алу бойынша жедел-іздестіру және профилактикалық іс-шараларды жандандыру туралы тапсырма берілді»,- деп атап өтті спикер.

Сонымен қатар, ол прокурорлар жергілікте процеске қатысушылардың конституциялық құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету және қылмыстық істерді объективті тергелуі бойынша шаралар қабылдауды жалғастырып жатқанын жеткізді.
26 қаңтар 2022 ж. 106 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 052

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30