» » Әлия Әбдіқайымова: Аймақтағы коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы тұрақсыз

Әлия Әбдіқайымова: Аймақтағы коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы тұрақсыз


Қызылорда облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары Әлия Әбдіқайымова аймақтағы коронавирус инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы тұрақсыз деп баға берді.

«30 қаңтарынан бастап облыс «сары» аймақта. Өңірде коронавирус инфекциясы анықталғаннан бастап індет жұқтырған 23 707 адам тіркелсе, науқастардың 90 пайызы емделіп шықты. Қаңтар айының 30 күнінде коронавирус инфекциясын жұқтырудың барлығы 4 176 жағдайы анықталды»,- дейді Әлия Әбдіқайымова.

Айиа кетейік, қаңтар айының екінші онкүндігінен бастап 100-ден аса КВИ жұқтыру деректері тіркеліп келген еді. 28 қаңтардан бастап аурушаңдық көрсеткіштері төмендей бастады.

«Соңғы тәулікте 55 жағдай тіркелді, басым көпшілігінде клиникалық белгілері анықталған жоқ. 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасында 16 жағдай анықталды»,- дейді Әлия Әбдіқайымова.

Оның айтуынга, бүгінгі күні аймақта 2 327 белсенді ошақ бар. Барлығында індетке қарсы профилактикалық шаралар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар медициналық бақылауға алынған.
31 қаңтар 2022 ж. 129 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930