» » Баланың интернет әлеміндегі қауіпсіздігін бақылаңыз

Баланың интернет әлеміндегі қауіпсіздігін бақылаңыз


ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігі баланың интернет әлеміндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін төменде көрсетілген жадынамаларды ұсынады.

• Балалар аңғал, сенгіш болып келеді, сол себепті ата-ана қолдану мүмкіндігін шектейтін немесе жұмыста отырып үйде баласының әлеуметтік желіде не көріп, не оқып отырғанын бақылай алатын бағдарламалар орнатқан жөн. Нәтижесінде бала үнемі бақылауда болады.

• Балаңыздың компьютер алдында отырғанда уақыт режимін сақтауын талап етіңіз. Компьютер, смартфондарды ұзақ уақыт қарағандықтан денсаулыққа зиян екенін түсіндіріңіз.

• Ғаламтор желісіне қосылған компьютер отбасы мүшелеріне ортақ бөлмеде, ата-ананың бақылауында болу керек.

• Балаңыздың өзінің жеке электронды поштасы болмас үшін, отбасылық электронды пошта ашып қойыңыз.

• Балаңызға Сіздердің рұқсаттарыңызсыз музыка немесе басқа да бағдарламаларды жүктеп алуға рұқсат етпеңіз.• Балаңызға әлеуметтік желілерде хабарлама алмасу функциясын қолдануға рұқсат етпеңіз.

• Балаңыз шынайы өмірдегі достары туралы айта бастаса, одан ғаламтордағы достары туралы да сұрап, хабардар болып отырыңыз.

• Балаңыз үлкендерге қатысты сұрақ қойса, жауап беруден жалтармаңыз. Өйткені ол Сіз бере алмаған жауапты ғаламтор желісінен іздеуі мүмкін және іздеу барысында «үлкендерге арналған» сайтқа тап болуы мүмкін.

• Балаңызға Ғаламтордағы сайттардың бәрі бірдей жақсылыққа үндемейтінін түсіндіріңіз.
04 ақпан 2022 ж. 253 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930