» » Президент: Біз азаматтарымыздың табысын арттыруымыз керек

Президент: Біз азаматтарымыздың табысын арттыруымыз керек

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен  Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

«Біз бүгін еліміздің әлеуметтік-экономикалық қорытындыларын талқылаймыз. Өткен жылы ел экономикасы 4 пайызға өсті. Өңдеу өнеркәсібі, 5,5, құрылыс индустриясы 7,6 пайызға артты. Қызмет көрсету саласында оң үрдіс бар. Сауда-саттық 9,2, көлік саласы3,6 пайызға артты. Дегенмен инфляция межелі деңгейден асып кетті. Бұл көрсетікш 8,4 пайыз болды. Өкінішке қарай, «Қатар оқиғасы» қалыпты өмірімізді түбегейлі өзгертті. Заңсыз әрекет салдарынан көп азамат зардап шекті. ШОБ өкілдері шығынға ұшырады», деді ол. 

Президент атағандай, қазіргі мәлімет бойынша бизнеске 100 млрд теңгеден астам шығын келді.

«Жаңа Үкіметтің алдында еліміздің экономикалық әлеуетін толық қалпына келтіру міндеті тұр. Бұл - үлкен маңызды міндеті. Сондықтан оны басымдықтардың бірі ретінде қарастыруымыз қажет. Жоспарланған реформаларды жүзеге асыру және инфляцияны төмендету – басты міндеттердің бірі. Ең бастысы – біз азаматтардың табысын арттыруымыз қажет», деді Тоқаев.

08 ақпан 2022 ж. 245 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 026

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30