Тоқаев: Мемлекеттің экономикалық өсімі 4,5%-ға жетті
Қазақстандағы экономикалық өсім 4,5%-ды құрады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Бүгін Үкіметтің кезекті кеңейтілген отырысына жиналып отырмыз. Күнтәртібінде бірқатар өзекті мәселе бар. Алдымен, өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелерін қарастырамыз. Жалпы, былтыр жақсы көрсеткіштерге қол жеткіздік. Атап айтсақ, экономикалық өсім 4,5 пайыз болды. Экономиканың негізгі салаларында өсу қарқыны байқалды. Бұл көрсеткіштердің барлығы халықтың тұрмыс сапасына оң ықпал етеді. Сайлауалды тұғырнамада айтылған міндеттерді орындауымыз керек», - деп отырысты бастады Тоқаев.Президент бұл жағдай еліміздің орнықты дамуына, халқымыздың әл-ауқатын арттыруға зор серпін беретіндігін тілге тиек етті.
«Қазір осы бағытта атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарды талқылаймыз. Басты мақсат – қолда бар мүмкіндіктерді, әлеуетімізді толық пайдалану», - деді президент.
Президенттен кейін өз Үкімет басшысы Асқар Маминге берілді. Ол еліміздің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және осы жылға қойылған жоспарлар жөнінде баяндауда. Одан кейін Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев, әлеуметтік даму және еңбекпен қамту жөнінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, өңірлердің дамтыу жұмыстары жайында Нұр-Сұлтан қаласының, Шығыс Қазақстан, Алматы, Ақтөбе облыстарының әкімдері есеп беретін болады.
stan.kz