» » Сабыржан Кеңшілік: 66 мамандық бойынша 950 жұмыссыз жас бар

Сабыржан Кеңшілік: 66 мамандық бойынша 950 жұмыссыз жас бар


Арнаулы орта оқу орындарын 2019-2021 жылдары аралығында бітірген түлектерге талдау жұмыстары жасалды. Нәтижесінде 66 мамандық бойынша 950 жас жұмыссыз екені анықталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Сабыржан Кеңшілік хабарлады.

«Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында Қызылорда қаласында «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілді. Шараға 36 жұмыс беруші мекеме 242 жұмыс орнын, мемлекеттік бағдарламалар аясында 31 жұмыс беруші 299 жұмыс орнын, жалпы 541 жұмыс орны ұсынылды. Шара аясында 250-ге жуық маманға жолдама берілді», – деді С.Кеңшілік.

Қазіргі таңда, қалаға қарасты кент және ауылдық округ жастарымен кездесулер өткізілуде. Нәтижесінде ауылдың 110 жасына жұмыс орындарына жолдама берілді.

Айта кету керек, түсіндірме жұмыстары мен кездесулер 10 ақпанға дейін жүргізілді.
11 ақпан 2022 ж. 275 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031