Президент халыққа үндеу жариялады (ВИДЕО)
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасында көз жұмған азаматтардың рухына құран бағыштады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
«Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Хазірет Сұлтан мешітіне арнайы барып, қаңтар оқиғасы кезінде қайтыс болған азаматтардың 40 күндігіне орай олардың рухына құран бағыштап, құрбандық шалды. Содан кейін мешітте халыққа үндеу жолдады»,- деп жазды Берік Уәли.