Бақытжан Сағынтаев: Мемлекет басшысының көңіл бөлуінің нәтижесінде Аралдың қазақстандық бөлігі қалпына келді
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында Арал өңірінің жұртшылығы мен активімен Солтүстік Аралды дамыту мәселелері жөнінде кездесу өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.
Кездесу барысында Солтүстік Арал жобаларын іске асыру, ауыл шаруашылығын дамыту, соның ішінде суармалы жерлерді жақсарту мәселелері талқыланды.
Бүгінде аудан экономикасын дамыту бойынша шаралар кешені іске асырылуда. Арал ауданының бюджеті жеті есеге ұлғайтылды, соның арқасында жаңа өндіріс орындары мен әлеуметтік нысандар ашылды. Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған Аралды құтқарудың халықаралық қорына 25 жыл толды. Бұл шешім Арал маңы тұрғындары үшін ғана емес, сондай-ақ бүкіл ел үшін маңызды оқиға болды — Аралдың қазақстандық секторы қайта қалпына келді.
Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев Солтүстік Арал жобалары туралы толығырақ баяндап берді. Әкімнің айтуынша, Аралды қайта қалпына келтіруге байланысты аймақ экономикасының жақсаруының арқасында Каспий, Балқаш және Қапшағайға кеткен балықшылар өңірге қайта оралған.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің төрағасы И. Әбішев суармалы жерлерді жақсарту туралы баяндама жасады.
Бұдан өзге, мәселені талқылау барысында еңбек ардагері, Қазақ КСР балық шаруашылығының бұрынғы министрі Қ. Саржанов пікір білдірді.
http://syrboyi.kz